Winning entries could not be determined in this language pair.There was 1 entry submitted in this pair during the submission phase. Not enough entries were submitted for this pair to advance to the finals round, and it was therefore not possible to determine a winner.Competition in this pair is now closed. |
Ла Томатино төңкерісіне негіз болған алғашқы қызанақты лақтыруды кім бастады екен? Бәлкім, ол Франко көтерілісіне, әлде бақылаудан шыққан карнавалға қарсылық шарасы болар. Аңыздың кең тараған нұсқасына сенер болсақ, 1945 жылы Лос Гигантэ фестивалі барысында (қағаз қолғаппен саусақтарға кигізіліп басқарылатын қуыршақтардың шеруі), жергілікті тұрғындардан бірнеше адам жұрттың назарын өзіне аудару үшін төбелес шығарады. Кенет олардың біреуі сол маңда тұрған көкөніс салынған жүк арбасын байқап қалады да, ішінен қып-қызыл боп піскен қызанақтарды алып, жүргіншілерге лақтыра бастайды. Басында жағдайды бағамдап үлгере алмаған көрермендер де қызанақ лақтыру қойылымы жаппай сипатқа ие болғанша ортаны толтыра берді. Жаппай тәртіпсіздікке ұйытқы болған бастамашыларға қызанақтардың иелері - кәсіпкерлерге келтірген шығындарын өтеуге тура келгенмен, бұл жағдай қызанақ лақтыру қойылымының жыл сайын қайталанып, жаңа дәстүрдің қалыптасуына кедергі бола алған жоқ. Жағдайдың бұлай ушығып, бақылаудан шығуынан қауіптенген билік өкілдері аз ғана кідірістен соң, бақылау шараларын күшейтіп, 1950 жылы жаппай тәртіпсіздіктерге қарсы заңдарды қолданысқа енгізе бастады. 1951 жылы жүгенсіз кеткендердің бір тобы қамауға алынғанмен, қоғамның наразылығының, талап етуінің арқасында бостандыққа шықты. Қызанақ лақтырысу ойынына тыйым салатын жарлықтарға қарсылық ретінде, 1957 жылы оны қолдаушылар қызанақты табытқа салып, сайқымазақ сорақы шеру ұйымдастырды.Кейінірек, жергілікті билік "қызанақпен атысу" дәстүріне қатысты бірқатар жарғылар қабылдап, оны жыл сайын өткізуге рұқсат берді. Қызанақпен атысу ең негізгі оқиға болғанымен, жалпы фестивальдің ауқымы аптаға созылған жалпыұлттық мерекелік сипатқа ие болды. Фестиваль кезінде Буноль қаласы әулиелерінің - Виргин Мэри, Әулие Луис Бертарнд мейрамы, испандық мәнердегі думандатқан шерулер мен отшашулар өткізіледі. Бұл сайыстың алдында қатысушылар күш-жігер жинаулары үшін, дәстүрдің ажырамас бөлігі ретінде әйгілі Валенсия символы "паэля" - күріш, теңіз өнімдері, шафран және зәйтүн майынан әзірленген тағам ұсынылады. Қазіргі кезде, "қызанақ фестивалін" өткізу үшін билік тарапынан ешқандай қысым көрсетілмейді, тек қана енгізілген шектен шықпаса болды. Ұйымдастырушылардың бұл сайыстың қызығына берілгендігі соншалық, жыл сайын өтеті фестивальға арнап қызанақтың дәмсіз, арзан түрін өсіруді қолға алды. Фестиваль шамамен азанғы сағат 10-дарда басталады. Сайысқа қатысушылар алдымен cабын жағылған бағанға өрмелеп, төбедегі етті алудан жарысады. Көрермендер әндете және билей жүріп, бағанға өрмелеушілерге су шашыратады. Шіркеудегі сағат тілі талтүсті көрсеткен кезде, қызанақ тиелген жүк машиналары қалаға қарай бет ала бастайды. Сол кезде әр жерден: "Қызанақ, қызанақ" деп айқайлаған дауыстар біртұтас хорға айналады. Сонымен, су шашулармен думандатқан басты оқиға орын алады. Ойыншылар бір-біріне бар екпіндеріменқызанақтарды жаудырады. | Entry #18470 — Discuss 0 — Variant: Not specified
|